«Барыс» - «Металлург»: есеп теңесті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» - «Металлург»: есеп теңесті

«Барыс» - «Металлург»: есеп теңесті

Кеше Астанада Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сериясы аясында «Барыс» пен «Метталлургтің» алтыншы кездесуі өтіп, магнитогорлықтар 3:4 есебімен басым түсті.

  • 10 Наурыз 2012
  • 559
Фото - Caravan.kz

Ойынның алғашқы кезеңін астаналық хоккейшілер сәтті бастап, қарсыластың қақпасына бірден екі шайба салды. Бірінші шайбаның авторы Талғат Жайлауов атанса, он бесінші минутта Эндрю Хатчинсон әріптесінің жетістігін екі еселеді. «Металлург» бұл кезеңде тек бір шайбаны ғана салып үлгерді. Ал екінші кезеңде таразы басы теңесті. Бір өкініштісі, Талғат Жайлауовтың шайбасы есептелмей қалды. Себебі қарсыластың қақпасы сәл жылжып кетті. Соңғы кезеңде «Барыстың» шабуылдары қатты болды. Дегенмен, магнитогорлықтар үшінші шайбаны салып, алға шықты. Бір минут өтпей, Андрей Гаврилин үшінші шайбаның авторы атанып, есеп басын теңестірді. Ал овертаймда қарсыластар біздің қақпашымызды қапы қалдырып, ойынның соңғы шайбасын сала білді. Есеп 3:4. «Металлург» жеңді.

Сонымен, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сериясы аясындағы «Барыс» пен «Метталлургтің» алтыншы кездесуі бойынша есеп теңесті. 3:3. Наурыздың 11-і күні Ресейдің Магнитогорск қаласында шешуші матч өтпек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера