Ярослава Шведова Мексикада нидерландық спортшыдан жеңіліс тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ярослава Шведова Мексикада нидерландық спортшыдан жеңіліс тапты

Ярослава Шведова Мексикада нидерландық спортшыдан жеңіліс тапты

Мексиканың Ирапуато қаласында теннистің ITF сериясы бойынша өткен турнирдің ақтық сынында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Нидерланды өкілі Кики Бертенстен ұтылып қалды.

  • 12 Наурыз 2012
  • 474
Фото - Caravan.kz

Финалдық ойындардың алғашқы кездесуінде нидерландық спортшы Я.Шведованы 6:4 есебімен жеңді. Екінші ойында 6:2 есебімен қазақстандық спортшы басым түсті. Ал шешуші — үшінші кезеңде жеңіс 20 жастағы Кики Бертенске қарай ойысты. Есеп — 6:1. Бұл екі спортшының арасындағы алғашқы кездесу болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ITF сериясы бойынша әйелдер арсындағы жарыс Халықаралық теннис қауымдастығының жетекшілігімен өтеді. ITF-тің ерлер және әйелдер арасындағы Satellite tournament и Futures Tournaments турнирлерінен тұратын жарыстары кәсіпқой теннистің баспалдағы болып табылады және осы бәсекелердің нәтижелері ATP және WTA рейтингтерінде ескеріліп, теннисшілердің сыйақысы бұдан да үлкен жарыстарға қатысуына жол ашады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера