Бурабай өңірінде шаңғымен бағдарлау бойынша Әлем кубогының 3 кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабай өңірінде шаңғымен бағдарлау бойынша Әлем кубогының 3 кезеңі аяқталды

Бурабай өңірінде шаңғымен бағдарлау бойынша Әлем кубогының 3 кезеңі аяқталды

ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК-нің Щучинскідегі оқу-дайындық орталығында шаңғымен бағдарлау бойынша Әлем кубогының 3 кезеңі аяқталды.

  • 12 Наурыз 2012
  • 405
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның мәліметінше, аталған дода 2013 жылы наурыз айының 3-11 аралығында Қазақстанның Риддер қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындық аясында өткізіліп отыр.

Жарысқа әлемнің Болгария, Италия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Норвегия, Ресей, Румыния, АҚШ, Финляндия, Швеция, Швейцария, Эстония сияқты 12 елінің мықты спортшылары қатысты.

Жарысқа Бағдарлау спорты халықаралық федерация өкілдері ретінде IOF Консулы Мария Витта Сильва мен италияндық бағдарлау Федерациясының президенті Серджио Грифони қатысты.

Сондай-ақ, біздің армияшылармен 2008 жылы Риддерде өткен Шаңғымен бағдарлау бойынша әлем кубогын өткізген әріптестері бірлесіп жұмыс істеді.

Қазақстандық спортшылардың соңғы екі жылдағы нәтижелері айтарлықтай жоғары. Қазақстандықтардың өз елінде өткізіліп отырған Әлем кубогында жерлестерінен жоғары нәтиже күткені жасырын емес. Бұл жолы команда құрамына әлемге танымал спортшылар енгізілді. Олар — өткен жылдардағы әлем кубогының, Әлем чемпионатының, Қысқы Азия ойындарының және Қазақстан Чемпионатының жеңімпаздары Ольга Новикова, Михаил Сорокин, Эльмира Молдашева, Аслан Тоқбаев, Виталий Лиличенко, Денис Власовтар. Бұл тізімге болашағы бар жас спортшылар Дарья Корнева, Әсем Назырова, Иван Неклюдов, Дмитрий Адамовичтерді қосуға болады.

Жарыстың бірінші күні спринт қашықтығы бойынша Ольга Новикова алтын медальді иеленсе, ерлер командасының көшбасшысы 40 бағдарлаушының арасынан 8 орынды бағындырды. Қалған күндері де біздің жігіттер өз шеберліктерін танытты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера