Бірақ бұл командада шу шығып, Бразилия елінде футбол әліппесін тауысып келгендер қазір команданы тастап кетті, деп хабарлайды «Аламан» порталы.
Шудың неден шыққаны белгісіз. Анығы, жас футболшыларды жаттықтыруы тиіс бразилиялық маман Тиаго Козлоски өз еркімен отставкаға кеткен. Ол бұл қылығын «команда басшылығымен жұмыс жасай алмадым» деп түсіндіріпті. Қазір Тиаго «Қайрат» командасына келді.
Көп қаржы жұмсап, шетелге жіберген жас футболшылардың алда немен айналысатыны белгісіз. Қазір командаға қазақстандық маман Вячеслав Ледовских келді.