Ұлттық лигадағы жетісулық волейболшы қыздар мүмкін болған ұпайлардың барлығын иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
0 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық лигадағы жетісулық волейболшы қыздар мүмкін болған ұпайлардың барлығын иеленді

Ұлттық лигадағы жетісулық волейболшы қыздар мүмкін болған ұпайлардың барлығын иеленді

Қарағандыда 6-13 наурыз күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары өтті.

  • 14 Наурыз 2012
  • 356
Фото - Caravan.kz

Онда барлық қарсыласын ойсырата ұтқан Алматы облысының «Жетісу» командасы 18 ұпай қорын 90-ға дейін жеткізді. Екінші орында 65 ұпаймен астаналықтар тұр, ал үздік үштікті 53 ұпайы бар Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» түйіндеді. Одан кейінгі орындарға «Қарағанды» (41 ұпай), «Алматы» (39 ұпай) және Теміртау қаласының «Металлург АМТ» (20 ұпай) мен Өскемен қаласының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (7 ұпай) командалары сәйкесінше орналасты.

Жалпы бұл турда өз қоржынына «жетісулықтар» — 18, астаналықтар -14, павлодарлықтар мен алматылықтар — 9, қарағандылықтар — 8, теміртаулықтар — 4, өскемендіктер — 1 ұпай қосты. Бәсекекеде «Алматы» үшінші орынға көтеріліп, «Ертіс Қазхром» мен «Қарағанды» 4-5-орындарды сәйкесінше бөліскен болатын. Бірақ бұл турнир кестесіндегі ахуалға өзгеріс енгізе алмады.