Белгілі болғандай, команда құрамындағы жас футболшылар кеше таңертең Алматыға келді. Ертең олардың алғашқы жаттығуы өтпек. Ал елордадан кеткен футболшылардың биыл қай турнирде бақ сынайтыны белгісіз. Себебі, «Қайрат академиясының» биылғы маусымға лицензиясы жоқ.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Бразилияда оқып-тоқып келді деген жас футболшылар «Астана-64» командасына топтастырылып, биыл бірінші лигада ойнауы тиіс еді. Бірақ бұл командада шу шығып, Бразилия елінде футбол әліппесін тауысып келгендер команданы тастап кетті. Шудың неден шыққаны белгісіз. Анығы, жас футболшыларды жаттықтыруы тиіс бразилиялық маман Тиаго Козлоски өз еркімен отставкаға кеткен. Ол бұл қылығын «команда басшылығымен жұмыс жасай алмадым» деп түсіндіріпті. Тиаго «Қайрат» командасына келді. Қазір командаға қазақстандық маман Вячеслав Ледовских келді.