Бокс: Германиядағы додада қазақстандық 5 боксшы келесі кезеңге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
0 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокс: Германиядағы додада қазақстандық 5 боксшы келесі кезеңге шықты

Бокс: Германиядағы додада қазақстандық 5 боксшы келесі кезеңге шықты

Германияның Галле қаласында өтіп жатқан бокстан Chemistry Cup-2012 додасында қазақстандық 5 боксшы келесі кезеңге шықты.

  • 15 Наурыз 2012
  • 404
Фото - Caravan.kz

Кеше Ғани Жайлауов (60 кг) пен Данабек Сужанов (75 кг) жеңіске жеткені жарияланған еді.

«Аламан» порталының мәліметінше, Ғ. Жайлауов молдовалық Петру Апостолды сабаса (13:5), Данабек швейцариялық Дэвид Парасиді еліне қайтарған еді (17:4).

Ал Астана уақыты бойынша түнгі сағат 3-те 69 келі салмақта Серік Сәпиев бразилиялық Майк Карвальюді жеңді, есеп — 16:6. Бір қызығы, С. Сәпиевтің осы бәсекедегі басты қарсыласы Андрей Замковой америкалық Эррол-Ли Спенске есе жіберді. Кездесу 9:9 есебімен тең аяқталған. Төрешілер АҚШ өкілі жеңіске жетті деп шешіпті.

56 келіде Қанат Әбутәліпов румын Разван Николие Андреананы ұтты, есеп — 16:7. Ал 81 келіде Әділбек Ниязымбетов бразилиялық тағы бір боксшысы Ямагуши Флорентиноны айқын басымдылықпен жеңді, есеп — 12:5.

Иван Дычко жарысқа аттанған, алайда, шаршы алаңға неге шықпағаны белгісіз.