«Аламан» порталының мәліметіне қарағанда, бұл лицензияларға 14 спортшы үмітті.
Федерация мамандарының мәлімдеуінше, қазір Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова, Энвер Түркелеримен бірге жаттығып жатыр. Ал Илья Ильин өз бағдарламасы бойынша Польшада дайындалуда. Владимир Седов, Владимир Кузнецов, Сергей Истомин өздерінің жеке бапкерлерімен Талдықорғанда өз жаттығударын пысықтауда. Сондай-ақ Бейжің ойындарының қола жүлдегері Мария Грабавецкая да қазір командаға қосылды.