Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
0 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтеді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтеді

Алматыда 28-30 наурыз аралығында Luxor Wellness-клубында 1999-2005 жылғы балалар арасында Мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтеді.

  • 16 Наурыз 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы орталық кеңесінің (ДШСҚ ОК) ұйымдастыруымен, осымен екінші рет өтетін спорттық шараға еліміздің әр облысынан 150-ден астам бала қатысады.

Шараның мақсаты — жас жеткіншектер арасында спорттың мәнерлеп сырғанау түрін кеңінен насихаттап, дамуына үлес қосу, сонымен қатар жас ұрпақтың денешынықтыру болмысын қалыптастыру, жалпы көпшілікті спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру болып табылады.