Luxor Wellness клубында болатын бұл шараны қалалық «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы орталық кеңесі ұйымдастырып отыр. Мақсат — жас жеткіншектер арасында мәнерлеп сырғанау спорттын кеңінен насихаттап, оның дамуына үлес қосу. Биыл екінші рет өтетін республикалық біріншілікке бұл жолы елдің түкпір-түкпірінен 150-ден астам бала қатыспақ.
Мәнерлеп сырғанау — мұз үстінде әуен ырғағына сәйкес жалғыз және жұбымен бірге өнер көрсету спорт түрі. Ол — жалғыз сырғанау, жұптасып сырғанау, спорт билері және синхронды сырғанау деп төртке жіктеледі. Конькимен мәнерлеп сырғанаудан 1891 жылдан бері Еуропа чемпионаттары, ал 1896 жылдан бастап Әлем чемпионаттары өтікізіледі. Ол Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1924 жылы енгізілді.