«Ақжайық» «Атырауды» 3:1 есебімен ұтып, бірінші орынға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақжайық» «Атырауды» 3:1 есебімен ұтып, бірінші орынға шықты

«Ақжайық» «Атырауды» 3:1 есебімен ұтып, бірінші орынға шықты

Футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасына биыл қосылған Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Атырауды» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

  • 19 Наурыз 2012
  • 454
Фото - Caravan.kz

Ойынның 30-минутында доп бұрыштамадан берілген кезде Максим Азовский мергендік танытып, алаң иелерін алға шығарды. Алты минуттан кейін дәл осындай сәтті тиімді пайдаланған болгариялық легионер Янко Валканов есепті 2:0-ге жеткізді. 43-минутта қонақтар сапындағы Тарас Данилюк айып добын дәл орындады.

Екінші таймда 77-минутта тағы да Янко Валканов қақпа алдындағы қарбалас сәтті мүлт жіберген жоқ.

Сөйтіп екі турдан кейін алты ұпай жинаған «Ақжайық» 6:1 доп айырмасымен бірінші орынға көтерілді. Келесі турда, 25 наурызда «Ақжайық» елордада «Астанамен» күш сынасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера