Шымкенттік жанкүйерлер «Астана» командасының пресс-атташесі Дмитрий Нестеренконы соққыға жықты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік жанкүйерлер «Астана» командасының пресс-атташесі Дмитрий Нестеренконы соққыға жықты

Шымкенттік жанкүйерлер «Астана» командасының пресс-атташесі Дмитрий Нестеренконы соққыға жықты

Кеше ауа-райының қолайсыздығына байланысты футболдан ҚР чемпионатының Премьер-лигасы аясындағы «Ордабасы» мен «Астана» командаларының ойыны кейінге шегерілді.

  • 19 Наурыз 2012
  • 317
Фото - Caravan.kz


Sport.kz сайтының хабаралуынша, Шымкент қаласында толассыз жауған қалың қардың салдарынан «Ордабасы» мен «Астана» командаларының ойыны, ең бірінші, 30 минүтқа шегерілген еді. Бірақ кейін ауа райының қолайсыздығына байланысты матчтың инспекторлары ойынды мүлдем өткізбеу жөніндегі шешім шығарды. Осыдан кейін шымкенттік жанкүйерлер Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның шығаберісін қоршап, астаналық жанкүйерлер мінген автобусты шығармай қойды. Осы кезде «Астана» командасының пресс-атташесі Дмитрий Нестеренко келіссөзге шығып, мәселенің мән-жайын шешуге тырысты. Бірақ «қызуқанды» шымкенттіктер Астанадан келген қонақты соққыға жығып, оның фотоаппаратын қолды еткен. Абырой болғанда, Д.Нестеренко қатты зардап шеккен жоқ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера