Галледегі Халықаралық турнирде Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Галледегі Халықаралық турнирде Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі

Галледегі Халықаралық турнирде Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі

Германияның Галле қаласында 39-шы Халықаралық бокс турнирінде Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі.

  • 19 Наурыз 2012
  • 484
Фото - Caravan.kz


Жалпы, бұл додаға Қазақстанның атынан алты боксер — Қанат Әбутәліпов (56 келі), Ғани Жайлауов (60 келі), Серік Сәпиев (69 келі), Данабек Сужанов (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Иван Дычко (+91 келі) қатысты. Турнирдің алғашқы жекпе-жектері біздің команда үшін сәтті басталды. Бірақ екінші күні Қ. Әбутәліпов түрік боксшысы Мехмет Топканнан, ал И.Дычко ресейлік Сергей Кузьминнен жеңіліп, екеуі де жарыс жолынан шығып кетті. Жартылай финалда біздің тағы екі боксшымыз — Д.Сужанов бразилиялық Эскуива Флорентинодан, ал Әділбек Ниязмбетов ресейлік Егор Мехонцевтан ұтылып, турнирдің қол жүлдесін қанағат тұтты. С. Сәпиев намысты қолдан берген жоқ. Соңғы жекпе-жекте ол турнирдің қожайыны — неміс боксшысы Арайка Марутянды ойсырата жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал Ғ.Жайлауов бразилиялық Робсон Консиейсаоға жол беріп, турнирдің күміс медаль иегері атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера