Оралда каратэ-додан ересектер арасында ел біріншілігі мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда каратэ-додан ересектер арасында ел біріншілігі мәреге жетті

Оралда каратэ-додан ересектер арасында ел біріншілігі мәреге жетті

Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында каратэ-додан ересектер арасында ел біріншілігі мәреге жетті.

  • 20 Наурыз 2012
  • 499
Фото - Caravan.kz

Оған Қостанай, ШҚО, Павлодардан басқа өңірлерден барлығы 160-тан астам спортшы қатысты. Жарыстың бас қазысы, халықаралық дәрежедегі төреші Тимур Шатаевтың сөзіне қарағанда, сайыс жақсы ұйымдастырылған, спортшылар дайындығы жоғары, олардың арасында атақтылары да аз болған жоқ.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысында әйелдер арасындағы бес салмақ дәрежесінің үшеуінде оңтүстікқазақстандықтар Наталья Ли, Дамира Сухамбердиева, Мәдина Өтелбаева топ жарса, қалғанында маңғыстаулықтар Анастасия Олешко мен Гауһар Шайкөзова жеңімпаз атанды.

Ерлер арасында алты салмақ дәрежесінде Андрей Ақтауов (Ақтөбе), Дархан Аседілов (ОҚО), Ринат Сағындықов (Ақтөбе) және маңғыстаулықтар Ермек Айназаров, Гогико Аркания, Халид Халидов үздік шықты.

Ел біріншілігінің жеңімпаздары жазда Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатына, қарашада Францияда болатын бүкіләлемдік додаға жолдама алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера