Бүгін назарларыңызға «Аламан» порталы Ресейге аттанар «арландардың» тізімін ұсынып отыр.
Рафик Султонов ( 54 келі), Ержан Мүсәпіров (61 келі), Қанат Ислам (73 келі), Абдельхафид Беншабла (85 келі) және Шуаиб Болодинатс (+91 келі).
Бұдан бұрын хабарланғандай, 23 наурызда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы жартылай финалдық жекпе-жектердің алғашқы кездесуін «Мәскеулік Динамо» боксшыларымен өткізген «Астана арландары» 3:2 есебімен жеңіске жетті.