Бильярд: «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бильярд: «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионы белгілі болды

Бильярд: «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионы белгілі болды

Бішкекте 21-25 наурыз күндері бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтті.

  • 28 Наурыз 2012
  • 430
Фото - Caravan.kz

229 спортшы қатысқан бұл дүбірлі доданың ақтық сынында ресейлік Александр Чепиков пен Юрий Пащинский кездесті. Онда 7:4 есебімен басым түскен А.Чепиков Әлем чемпионы атанды. Ал жартылай финалда оларға есе жіберген қырғызстандык Қанат Сыдықов пен ресейлік Никита Ливада қола жүлдегер атанды. Бұл сайыста спорт шеберлігінен үміткер 23 жасар Қанат Сыдықов Якутиядан келген спорт шебері 26 жастағы Александр Чепиковтен (1:3) ұтылды. Ал Никита Ливада Юрий Пащинскийге 3:6 есебімен есе жіберді. Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын жарыс қорытындысында А. Чепиков Әлем чемпионатының алтын медалі мен 8 мың, Ю.Пащинский күміс медаль мен 5 мың, ал Қ.Сағындықов пен Н.Ливада қола медаль мен 2 500 доллардан қаржылай жүлде алды. Онда сондай-ақ, 5-8 орын алғандарға 1 мың, 9-16 алғандарға 500, 17-32 орын алғандарға 250 доллардан сыйақы берілді.

Былтыр 21-25 ақпан күндері Алматыда өткен Әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Қаныбек Сағындықов пен ресейлік Никита Ливада кездескен болатын. Онда 4:5 есебімен басым түскен 15 жасар Н.Ливада Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері 29 жасар Қ.Сағындықов күміс жүлденің иесі атанды. Алматылық Қ. Сағындықов биыл жүлдегерлер қатарына ене алмады. Ол 17-32 орын үшін болған сайыста өз отандасы спорт шеберлігінен үміткер 19 жасар қарағандылық Әлібек Омаровтан 4:1 есебімен жеңіліс тапқан еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера