Алматылық жас футболшылар Түркиядағы турнирде мәскеулік құрдастарын ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық жас футболшылар Түркиядағы турнирде мәскеулік құрдастарын ұтты

Алматылық жас футболшылар Түркиядағы турнирде мәскеулік құрдастарын ұтты

Түркияның Алания қаласында Балалар футбол лигасы - "EVIMA CUP 2012"-нің "Түрік демалысы" атты халықаралық турнирі өтіп жатыр.

  • 28 Наурыз 2012
  • 481
Фото - Caravan.kz

Төрт жас дәрежесі бойынша ұйымдастырылған дүбірлі додаға әлемнің бірқатар елдерінен 30 команда қатысуда. Онда 2000 жылы туған балалар арасында ел намысын Алматы қаласының «Қайрат-2000» командасы қорғауда. Жарыс 31 наурызға дейін созылмақ.

Алматылық аяқдопшылар Ресейдің Мәскеу қаласының «Чертанова», «Торпедо-ФШМ», Орехова-Зуева қаласының «Знамя труда» және Түркияның Алания қаласының «Аланиаспор» мен Авсаллар қаласының «Авсаллар» командасымен күш сынасатын болады. Олар кеше «Торпедо ФШМ» командасымен болған ойында қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Келесі кездесуін бүгін «Авсаллармен» өткізбек.