«Сарыарқа» клубы Жоғары хоккей лигасында ойнауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сарыарқа» клубы Жоғары хоккей лигасында ойнауы мүмкін

«Сарыарқа» клубы Жоғары хоккей лигасында ойнауы мүмкін

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасында ойнауға мүдделі.

  • 28 Наурыз 2012
  • 415
Фото - Caravan.kz

Осыған орай команда басшылығы ұйымға өтініш жіберіп, тиісті құжаттарды тапсырды.

Енді, Жоғары хоккей лигасынның өкілдері Қарағанды қаласына барып, «Сарыарқа» клубының дайындық барысымен, сондай-ақ ол үшін жасалып жатқан жағдайлармен жан-жақты танысып шықпақ. Осыдан кейін ағымдағы жылы мамыр айында Жоғары хоккей лигасынның жалпы жиналысында үміткер команданың өтініші қаралып, нақты шешім қабылданады.

Айта кетейік, бүгінде «Сарыарқа» хоккей клубы «Қарағанды — Арена» мұз айдынында жаттығады. Клубтың бас директоры — Арғын Зайроллаұлы Нығматуллин.

Жоғары хоккей лигасы (ЖХЛ) — Ресейдегі кәсіби хоккейдегі екінші дивизион. Біріншісі — Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ). Бүгінде осы екі дивизион арасында хоккейшілермен алмасу тәжірибесі бар.