Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтіп жатыр

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік өтіп жатыр

Бүгін Алматыда Luxor Wellness-клубында 1999-2005 жылғы балалар арасында Мәнерлеп сырғанаудан республикалық ашық біріншілік басталды.

  • 28 Наурыз 2012
  • 437
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы орталық кеңесінің (ДШСҚ ОК) ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп жатқан спорттық шараға еліміздің әр облысынан 160-тан астам бала қатысуда.

«Шараның мақсаты — жас жеткіншектер арасында спорттың мәнерлеп сырғанау түрін кеңінен насихаттап, дамуына үлес қосу, сонымен қатар жас ұрпақтың денешынықтыру болмысын қалыптастыру, жалпы көпшілікті спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру болып табылады», — дейді жарыстың ұйымдастырушылары.

Республикалық ашық біріншіліктің жеңімпаздары 30 наурыз күні өтетін жабылу рәсімінде марапатталатын болады.