Астанада өтетін күрестен Азияның лицензиялық іріктеу турниріне 22 елдің палуаны қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өтетін күрестен Азияның лицензиялық іріктеу турниріне 22 елдің палуаны қатысады

Астанада өтетін күрестен Азияның лицензиялық іріктеу турниріне 22 елдің палуаны қатысады

Лондонда өтетін ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азияның лицензиялық іріктеу турниріне сары құрлықтың 22 елінен спортшылар қатыспақ.

  • 29 Наурыз 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Күрес федерациясының президенті, ФИЛА Бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов мәлім етті.

Оның айтуынша, Астанадағы турнирдің қатысушылары арасында әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпаздары мен Азия және Олимпиада ойындарының жүлдегерлері сынды әлемнің азулы спортшылары бар. Қазақстандық палуандар 9 олимпиадалық жолдамаға таласатын болады. Елордалық шаршы кілемге 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлері Марид Муталимов, Елена Шалыгина шығады.

Айта кетейік, осындай деңгейдегі халықаралық жарыс Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр.

Турнирдің құрметті қонағы ретінде Астанаға Халықаралық күрес федерациясының президенті (ФИЛА) Рафаэль Мартинетти, Азиялық күрес федерациясының президенті Чанг-Кью Ким, сонымен қатар ФИЛА ұйымының Бюро мүшелері қатысады.

Жарыс 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера