Аталған агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Т.Ермегияевтің атап өтуінше, Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз байланыс орнатып отыр. Сондықтан да Ресей бірлескен әрі халықаралық спорттық шараларда өткізудегі Қазақстанның басты халықаралық әріптесі саналады.
Екі елдің спортшылары жыл сайын әртүрлі спорттық шараларға қатысып, тұрақты түрде бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Мәселен, өткен жылдың ішінде екі елдің спортшылары 50-ден астам жарыс пен оқу-жаттығу жиындарына қатысты.
«Сондай-ақ кездесу барысында 2013 жылы ТМД-ға қатысушы елдердің дене тәрбиесі және спорт жөніндегі комитетінің отырысын өткізуге дайындық мәселесі талқыланды», — делінген хабарламада.