Қазақстан Лондон Олимпиадасында кем дегенде үш «алтын» жеңіп алуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Лондон Олимпиадасында кем дегенде үш «алтын» жеңіп алуды жоспарлап отыр

Қазақстан Лондон Олимпиадасында кем дегенде үш «алтын» жеңіп алуды жоспарлап отыр

Қазақстандық спортшылар Лондонда өтетін биылғы Олимпиадада кем дегенде үш алтын медаль жеңіп алуы тиіс, деп Спорт және дене тәрбиесі агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

  • 17 Сәуiр 2012
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Атлеттерімізді Бейжіңдегі Ойындарға қарағанда жоғары нәтиже көрсетуге міндеттеп отырмыз. Олар Бейжіңде 2 алтын алған болса, осы жолы кем дегенде 3-еуін жеңіп алуы тиіс. Қоржынымызға барлығы 13 медаль түседі деген жоспарымыз бар», — деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.

Ведомство басшысының аутынша, Қазақстан жалпыкомандалық есеп бойынша 28-ші орынға иек артып отыр.
Т.Ермегияевтың болжамына сүйенсек, Қазақстандық спортшылар спорттың 25 түрі бойынша 100-ге жуық лицензия жеңіп алуы тиіс. Қазірдің өзінде Қазақстан 16 спорт түрі бойынша 74 лицензияны қанжығаға байлаған.
Агенттік басшысы «спортшыларды жақсылап дайындау үшін» үкіметтен «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 997 млн теңге бөлуді сұрады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера