Лондон Олимпиадасына спортшыларды дайындауға қосымша 997 млн. теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон Олимпиадасына спортшыларды дайындауға қосымша 997 млн. теңге қажет

Лондон Олимпиадасына спортшыларды дайындауға қосымша 997 млн. теңге қажет

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Талғат Ермегияев Министрлер кабинетінен Лондон Олимпиадасына спортшыларды дайындауға қосымша 997 млн. теңге сұрады.

  • 17 Сәуiр 2012
  • 325
Фото - Caravan.kz

Оның айтуына қарағанда, агенттік «Самұрық-Қазына» қорымен қазірдің өзінде Лондон Олимпиадасына спортшыларымызды жан-жақты дайындау үшін қосымша 997 млн. теңге көлемінде қосымша қаржыландыру мәселесін әзірлеген.

«Осыған орай Сізден осы бастаманы қолдауды өтінеміз. Өйткені мұндай тәжірибе барлық спорттық державаларда қолданылады», — деді Т.Ермегияев.

Агенттік басшысының пайымынша, бюджеттен тыс қаржы тарту жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге әрі спортшылардың жүлделі орындардан көрінуіне қажетті барлық жағдайды жасауға сеп болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера