Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы «Самила Оупен» Азиялық турының күміс жүлдегерлері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы «Самила Оупен» Азиялық турының күміс жүлдегерлері атанды

Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы «Самила Оупен» Азиялық турының күміс жүлдегерлері атанды

Тайландтың Сонгхла қаласында 14-16 сәуір күндері жағажай волейболынан «Самила Оупен» Азиялық туры өтті.

  • 18 Сәуiр 2012
  • 456
Фото - Caravan.kz

Оған ерлер арасында 29, әйелдер арасында 20 команда қатысқан болатын. Бұл сында ел намысын ерлер арасында да, әйелдер арасында да «Қазақстан-1», «Қазақстан-2» командалары қорғады. Онда ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың жұптары тек жарыс қожайындарына ғана есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал «Қазақстан-2» командасындағы Дмитрий Ячковлев пен Алексей Кулешов 1/8 финалда жаңа зеландиялықтарға ұтылды. Бақтыгүл Самаликова мен Любовь Богату болса ¼ финалда 5-7 орынға болған сында жапон қыздарына есе жіберді.

Енді А. Сидоренко мен А. Дьяченко жұбы 24-29 сәуір күндері Әлемдік турдың Польшадағы кезеңдік сайысына қатыспақшы. Олар Азиялық турдағы сәтті өнері арқылы Әлемдік турды іріктеусіз бірден негізгі кестеден бастауға мүмкіндік алып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера