Аралда бокстан белгілі кәсіпкерді еске алуға арналған турнир болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аралда бокстан белгілі кәсіпкерді еске алуға арналған турнир болып өтті

Аралда бокстан белгілі кәсіпкерді еске алуға арналған турнир болып өтті

Қызылорда облысы Арал қаласында бокстан жасөспірімдер арасында белгілі кәсіпкер Тоғыс Жұмашевті еске алуға арналған республикалық турнир болды.

  • 18 Сәуiр 2012
  • 598
Фото - Caravan.kz

Балғын былғары қолғап шеберлерінің сайысында 15 салмақ дәрежесі бойынша 60 медаль сарапқа салынды. Арал аумағы ғана емес, облысқа аты жақсы танымал болған кәсіпкер бұдан үш жыл бұрын жол апатынан қаза тапқанға дейін 53 жыл өмір сүрді. Осы жасына дейін ол өз ауданының экономикасы дамып, өркендеуіне өзіндік үлес қосты. Бірнеше рет облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаты болып сайланды. Өмірінің соңына дейін «Аралотын» ЖШС директоры болып қызмет атқарған Тоғыс Махамбетиярұлы қайырымдылық шараларын көп жасады. Сондықтан аралдықтар оның асқақ рухын есте қалдыру мақсатында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл турнирді қуана қабылдады.

Турнирге еліміздің әр қиырынан 1996-1999 жылдары туған 160 жасөспірім қатысты. Сайыс қорытындысында жалпы командалық бірінші орынды Арал ауданының командасы жеңіп алса, екінші орынға Ақтөбе облысы Эмбі және Хромтау қалаларының құрамасы орналасты. Үшінші белесті Жамбыл облысы Қаратау қаласының жас боксшылары бағындырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера