«Жетісулық» волейболшылардың әйелдер арасында клубтық Азия чемпионатындағы қарсыластары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жетісулық» волейболшылардың әйелдер арасында клубтық Азия чемпионатындағы қарсыластары анықталды

«Жетісулық» волейболшылардың әйелдер арасында клубтық Азия чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Тайландтың Накхонратчасима қаласында 21-29 сәуір күндері волейболдан әйелдер арасында 13-клубтық Азия чемпионаты өтеді.

  • 20 Сәуiр 2012
  • 372
Фото - Caravan.kz

Онда ел намысын Алматы облысының «Жетісу» командасы қорғайды. Онда Қазақстан чемпиондары іріктеу сынында «В» тобында 21 сәуірде- Қытай, 24-інде- Малайзия, 25-інде — Шри-Ланка чемпионатының жеңімпаздарымен кездеседі. «А» тобында Тайланд, Вьетнам, Мьянма, Иран және Жапония волейболшылары өнер көрсетпек. Чемпионаттың ширек, жаритылай және ақтық сындары 27-29 күндері өтеді.

Бас бапкер Асқар Шалқыбеков бұл дүбірлі додада Татьяна Пюрова (1982), Ольга Наседкина (1982), Людмила Анарбаева (1983), Коринна Ишимцева (1984) , Марина Стороженко (1985), Ольга Соболева (1985), Ольга Дробышевская (1985), Ольга Грушко (1976), Ольга Карпова (1980), Алена Сыч (1988), Татьяна Афанасьева (1990) мен Ирина Лукомскаяға (1991) сенім артпақ. Жетісулықтар бұл жолы өз құрамын астаналық О.Грушко, О. Карпова және алматылық Т. Афанасьева, И. Лукомская мен А.Сыч сияқты жаңа ойыншылармен күшейтуде.

1999 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан Азия чемпионатында қазақстандық волейболшылар арасынан 2007 жылы Алматы қаласының «Рахат» командасы чемпион атанған. Ал былтырғы бәсекеде «Жетісулықтар» қола жүлдемен оралды. Биыл ел біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеген олар бұл жолы Азияда топ жаруды алдына мақсат етіп қойып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера