«Жетісулық» волейболшы қыздар Азия чемпионатында қытайлықтарға есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жетісулық» волейболшы қыздар Азия чемпионатында қытайлықтарға есе жіберді

«Жетісулық» волейболшы қыздар Азия чемпионатында қытайлықтарға есе жіберді

Тайландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасында 13-клубтық Азия чемпионаты өтіп жатыр.

  • 23 Сәуiр 2012
  • 398
Фото - Caravan.kz

Онда ел намысын қорғап жатқан Алматы облысының «Жетісу» командасы, сенбі күні өткізген алғашқы ойынында Қытайдың «Bridzstoum» командасына тай-брейкте 2:3 есебімен (20-25, 18-25, 25-22, 25-20, 11-15) есе жіберді.

Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын қазақстандық волейболшылар «В» тобындағы екінші кездесуін ертең енді малайзиялық құрдастарымен өткізеді. Ал сәрсенбіде шри-ланкалықтармен кездеседі. «Жетісулықтар» енді өзге ойындарда нәтижелі өнер көрсететін болса жүлделі орынға таласуға мүмкіндігі толық жетеді. Былтыр олар бұл дүбірлі додада қола жүлдегер атанған болатын.