Қазақ күресінен Бразилияда өтіп жатқан І Әлем чемпионатында қазақстандықтар 3 алтын олжалады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ күресінен Бразилияда өтіп жатқан І Әлем чемпионатында қазақстандықтар 3 алтын олжалады

Қазақ күресінен Бразилияда өтіп жатқан І Әлем чемпионатында қазақстандықтар 3 алтын олжалады

Бразилияның Сан-Пауло қаласында қазақ күресінен жастар арасында І Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

  • 23 Сәуiр 2012
  • 643
Фото - Caravan.kz


Онда Қазақстан құрамасы 60, 70 және 90 келіден жоғарғы салмақ дәрежелері бойынша 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді. Атап айтқанда 60 келіде Бекарыс Ғайнолла Әлем чемпионы, Бекболат Әбдіғазиев күміс, Данияр Темірханов қола жүлдегер атанды. Ал 70 келіде Қасымхан Түленбай алтын, Дәулет Ниетбай күміс, Райымбек Ранаев қола медаль иеленді. Ал аса ауыр салмақта Еламан Қойшыбаев бірінші, Жолдасбек Бектұрсынов 3-орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер елге 26 сәуір күні оралады.