Астаналық велошабандоз Түркия турында 8-інші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық велошабандоз Түркия турында 8-інші орында келеді

Астаналық велошабандоз Түркия турында 8-інші орында келеді

Кеше 48-інші «Түркия туры» веложарысының 153 шақырымдық екінші кезеңі өтті.

  • 24 Сәуiр 2012
  • 466
Фото - Caravan.kz

Алания мен Анталья қалалалары арасындағы бұл сында «Астаналық» велошабандоздардан итальяндық Якопо Гуарниери 7-інші, қазақстандықтардан Валентин Иглинский 18-інші, Александр Дьяченко 80-інші, Асан Базаев 87-нші, Андрей Зейц 91-інші, Дмитрий Груздев 99-ыншы, Евгений Непомнящий 114-інші, Александр Винокуров 165-інші боп мәре сызығын кесіп өтті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде қазір В. Иглинский 8-інші, Я.Гуарниери 27-нші, А.Дьяченко 63-інші, А. Базаев 72-нші, А. Зейц 108-інші, Д.Груздев 125-інші, А. Винокуров 154-інші сатыда келеді.

29сәуірге дейін созылатын бұл турдың бүгін 3-кезеңі өтеді.