Өскеменде «Былғары доп» атты футбол жарысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде «Былғары доп» атты футбол жарысы басталды

Өскеменде «Былғары доп» атты футбол жарысы басталды

«Шығыс» қалалық стадионының кіші алаңында қала әкімінің жүлдесіне ұйымдастырылған «Былғары доп» атты қалалық футбол жарысының ашылу салтанаты болып өтті.

  • 24 Сәуiр 2012
  • 689
Фото - Caravan.kz

Қалалық мектептер негізінде құрылған 40 топтың 500-ге жуық жас футболшылары мықтылар атағына бүкіл жазғы демалыс бойы таласады. Спорттық жарыстың қорытындылары 1 қыркүйекте шығарылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Қалалық білім беру бөлімінің бастығы Александр Кузнецовтың ақпаратынша, жарысты өткізу үшін қаланың барлық 30 спорттық алаңы пайдаланлады. «Жүлделі орындардан көрінген топтар үшін ынталандыру қоры қарастырылған. Бірінші орын үшін — 100 мың теңге, екіншіге — 70 және үшінші орынға — 50 мың теңге беріледі», — дейді А.Кузнецов.

Тұрғындарды спортпен жаппай қамту «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының басымдық бағыттарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

Өскеменде «Былғары доп» және «Алтын шайба» қалалық жарыстары үшінші жыл өткізілуде. Жыл сайын олар мектеп оқушылары арасында ерекше танымал болып келеді. Мысалы, қазіргі маусымда олар барлық үш жас ерекшеліктерінің санаттары бойынша өткізіліп жатыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера