Қазақстандық семсерлесуші Лондон Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды! - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық семсерлесуші Лондон Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды!

Қазақстандық семсерлесуші Лондон Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды!

Жапонияның Вакаяма қаласында өткен біліктілік турнирінде 21 жастағы қазақстандық семсерлесуші Юлия Живиц жеңімпаз атанып, Лондон Олимпиадасына жолдама ұтып алды.

  • 25 Сәуiр 2012
  • 512
Фото - Caravan.kz

Жолдама тағдыры шешілетін финалдық кездесуде жерлесіміз Гонконг спортшысы Син Юнг Ауды жеңді. Бұл ұлттық құраманың семсерлесу спортының жекелей сыны бойынша ұтып алған үшінші жолдамасы.

Бұның алдында қоржынымызға қазақстандық сапшылар Елмір Әлімжанов пен Дмитрий Алексанин жолдама әперген болатын.

Аталмыш турнирден кейін семсерлесу спорты бойынша Азия чемпионаты басталды. Онда Елмір Әлімжанов финалда корейлік спортшы Джин Сун Джангтан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. Ал 18 жасар жас спортшы қызымыз Ульяна Балаганская 8-орынды місе тұтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера