деп хабарлады ҚР спорт және дене шынықтыру істері агентігінің баспасөз қызметі.
Сәуірдің 15-нен 22-не дейін Сан-Паулу (Бразилия) қаласында бозбалалар арасында қазақ күресі бойынша әлем чемпионаты өтті. Сайысқа спортшылар 12 елден — Қазақстаннан, Бразилия мен Уругвайдан, Чилиден, Гватемаладан, Литва мен Беларуссиядан, Ресейден және Үндістаннан, Ираннан, Германиядан және т. б. мемлекеттерден қатысты.
Сайыс 3 салмақ санаты (дәрежесі) бойынша — 60, 70 және +70 келіде өтті. Қазақстанның құрама командасы әлем чемпионатынан 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді еншілеп қайтты. Бүгін түнде Қазақстанның құрама командасы Астанаға оралады.