Астаналық велошабандоз «La Tropicale Amissa Bongo» көпкүндігінің жалпы есебінде 2-нші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық велошабандоз «La Tropicale Amissa Bongo» көпкүндігінің жалпы есебінде 2-нші орында келеді

Астаналық велошабандоз «La Tropicale Amissa Bongo» көпкүндігінің жалпы есебінде 2-нші орында келеді

Габон елінде велоспорттан «La Tropicale Amissa Bongo» көпкүндігі өтіп жатыр.

  • 27 Сәуiр 2012
  • 401
Фото - Caravan.kz

24 сәуірде басталған дүбірлі дода Африка құрлығындағы 2.1 дәрежесіндегі бірден-бір жарыс болып саналады. Онда 3 кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте «MTN Qhubeka» командасының шабандозы Мерон Руссом көш бастап келеді. Одан 7 секундқа қалып қойған астаналық Никита Өмірбеков — екінші орында тұр. сондай-ақ Руслан Тілеубаев — алтыншы, Константин Клименков — сегізінші, Назар Жұмабеков — он сегізінші, Алесандр Шушемони — отыз жетінші, Мирас Бедербеков — қырқыншы орыннан көрінді. Кеше 3-кезеңде мәре сызығын Руслан 5-інші, Константин 15-інші, Никита 28-інші, Назар 33-інші, Александр 46-ншы, Мирас 68-інші болып кесіп өткен еді.

Жексенбі күні аяқталатын жарысқа 15 командадан 90 спортшы қатысуда. Командалардың 10-ы Африка құрлығы елдерінің құрамалары болса, 5-еуі Еуразия құрлығынан.