Еркін күрес шеберлері Лондон Олимпиадасына толық құраммен қатысатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркін күрес шеберлері Лондон Олимпиадасына толық құраммен қатысатын болды

Еркін күрес шеберлері Лондон Олимпиадасына толық құраммен қатысатын болды

Кеше Қытайдың Тайван қаласында өтіп жатқан лицензиялық әлемдік турнирде еркін күрестен 84 келі салмақта Ермек Байдуашев қола жүлдегер атанды.

  • 28 Сәуiр 2012
  • 616
Фото - Caravan.kz

Ол ел қоржынына ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрамаға жетпей тұрған соңғы лицензияға ие болды. Енді 90 күннен кейін Лондонда алауы тұтанатын ең ірі дүбірлі додада қазақстандықтар толық құраммен қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Ермек бұл жарыста алдымен тәжік Салим Ходжиев пен словак Рене Матежовты ұтты. Ширек финалда беларус Сослан Гатциевке есе жібергенімен, одан кейін канадалық Джефри Адомсонды, қытайлық Регуленг Сиді және грек Эмзариос Бентенидесемді жеңіп қола жүлдегер атанды.

Жалпы бұған дейін Олимпиада жолдамасына 2011 жылы Ыстамбұлда

болған Әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков (55 кг), Дәурен Жұмағазиев (60 кг), Абдулхәкім Шапиев (74 кг) пен Таймураз Тигиев (96 кг) жеңіп алған еді. Олардың қатарына биыл Астанада өткен Азиялық іріктеу турнирінде Ақжүрек Таңатаров (66 кг) пен Марид Муталимов (120 кг) қосылды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера