Онда «Астана» велоклубының шабандоздарынан мәре сызығын Александр Дьяченко 32-ші, Андрей Зейц 41-ші, Валентин Иглинский 66-шы, Александр Винокуров 69-шы, Евгений Непомнящий 98-ші, Дмитрий Груздев 132-ші боп кесіп өтті. Қазір 6 кезеңнің жалпы қорытындысы бойынша «Кonya Torku Seker Spor» командасының спортшысы Ивайло Габровксий көш бастап келе жатыр. Одан 1,33 минутқа қалып қойған А.Дьяченко екінші орында тұр. Ал астаналық өзге спортшылардан А.Зейц 13-ші, А. Винокуров 17-ші, А. Иглинский 65-ші, Е, Непомнящий 70-ші, Д.Груздев 148-ші сатыда тұр.