Таэквондо бойынша тараздық жаттықтырушы «Ордабасы» атты жаңа командалық ойынды патенттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таэквондо бойынша тараздық жаттықтырушы «Ордабасы» атты жаңа командалық ойынды патенттеді

Таэквондо бойынша тараздық жаттықтырушы «Ордабасы» атты жаңа командалық ойынды патенттеді

Таэквондо бойынша тараздық жаттықтырушы Руслан Исмазов «Ордабасы» атты жаңа командалық ойынды патенттеді,

  • 30 Сәуiр 2012
  • 482
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Жамбыл облыстық әкімдігінің туризм, денешынықтыру және спорт басқармасынан.

Таэквондоның 4 данының қара белбеу иегері, «Тимур» кәсіби спорт клубының жетекшісі Руслан Исмазовтың айтуынша, ойынның шарты бойынша, кем дегенде төрт адамнан тұратын екі команда шығыс жекпе-жегінің шеберлігін көрсете отырып, ту үшін күреседі.

«Түрлі түсті формадағы қарсылас командалар алаңның ортасына сапқа тұрады. Әрбір командада қорғауы тиіс аумақ болады, онда тулары орналасады. Қарсыластары туға жекпе-жек арқылы жақындай түсіп, оны иеленуге тырысады. Жарыста жеңсең — бір қадам алға, жеңілсең — бір қадам артқа жасау керек. Бұл ретте тек рұқсат етілген соққылар мен тәсілдерді қолдануға болады, яғни жарақат түсіру қаупі аз», — деп түсіндіреді Р.Исмазов.

Жаңа ойынның авторы «Ордабасының» футболдан да кем түспейтін қызық ойынға айналатынына үмітті. «Ойын кезінде спортшылардың өзара қолдау көрсету сезімі, ерік-жігер, төтенше жағдайларда ойлау қабілетінің жылдамдығы, патриоттық және жауапкершілік сезімдері оянады», — деп есептейді Руслан Исмазов.

Ойынның ережелері суретте көрсетілген «Ордабасы» кітабы шығарылды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера