«Астана» велоклубының спортшылары «Tour de Romandie» көпкүндігін бағындыра алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велоклубының спортшылары «Tour de Romandie» көпкүндігін бағындыра алмады

«Астана» велоклубының спортшылары «Tour de Romandie» көпкүндігін бағындыра алмады

Швейцарияда 24-29 сәуір күндері биыл 66-ншы рет ұйымдастырыған «Tour de Romandie» көпкүндігі өтті.

  • 30 Сәуiр 2012
  • 419
Фото - Caravan.kz

Онда 5-кезеңде де мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен «Sky Procycling» командасының спортшысы Бредли Виггинс жарыстың жалпы қорытындысында да 18:05:40 секундтық уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанды.

«Астана» командасының спортшыларынан 5-кезеңді бесінші болып аяқтаған Роман Кройцигер алтыншы орынды қанағат тұтты. Оның командалас серіктерінен Яни Брайкович — тоғызыншы, Паоло Тиралонго — он сегізінші, Кевин Зельдреерс — қырық бесінші, Андрей Кашечкин -алпыс екінші, Евгений Петров алпыс төртінші, Андрей Гривко — сексен бірінші, Фредрик Кессякофф — сексен сегізінші орындарға ие болды.