«Астана» велошабандозы «La Tropicale Amissa Bongo» көпкүндігінің үздік үштігінде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велошабандозы «La Tropicale Amissa Bongo» көпкүндігінің үздік үштігінде

«Астана» велошабандозы «La Tropicale Amissa Bongo» көпкүндігінің үздік үштігінде

Кеше Габон елінде велоспорттан «La Tropicale Amissa Bongo» көпкүндігі аяқталды.

  • 30 Сәуiр 2012
  • 484
Фото - Caravan.kz

Ақтық 5-турда мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен Францияның «Еврокап» командасының спортшысы Иохан Гене негізгі жіктелімде сегізінші орын алды. Екінші болып келген «Астана» командасының спортшысы Руслан Тілеубаев — жетінші, үшінші болған Эритерия ұлттық құрамасының шабандозы Фригалси Абрха — алтыншы орынды қанағат тұтты.

Ал оныншы орын алған Иохан Гененің отандасы Антони Шартеу 12:40:43 секундтық уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанды. Одан 8 секунд қалып қойған Эритерияның «MTN-Qhubeka» командасының шабандозы Меран Руссан — екінші, ал көшбасшыдан 15 секунд кешіккен Қазақстанның «Астана» командасының жүйрігі Никита Өмірбеков үздік үштікті түйіндеді.