Футбол: Еуропа чемпионатының билеттері аукционға шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Еуропа чемпионатының билеттері аукционға шығарылды

Футбол: Еуропа чемпионатының билеттері аукционға шығарылды

УЕФА алдағы уақытта Еуропада өтетін футбол чемпионатына қатысуға тағы бір мүмкіндік сыйлауда.

  • 30 Сәуiр 2012
  • 405
Фото - Caravan.kz

Аталмыш ұйым қалған соңғы билеттерді сату бойынша қайырымдылық аукционын ұйымдастыратындығын жариялады. Аукцион басталып кетті. Лоттардың ең төменгі бағасы билеттің атаулы сомасындай болмақ. Айта кетейік, матчтың ашылуына арналған билеттің құны — 250 еуро, ал жабылу салтанатын көремін деушілерге 600 еуро жұмсауларына тура келеді.

Еуро-2012 УЕФА чемпионатына билеттерді сатып алу үшін өтініштерді қабылдау өткен жылдың 12 желтоқсанынан басталды. Сайыстың басталуына 1 айдан аз уақыт қалды.

Естеріңізге сала кетейік,, Еуропаның футбол чемпионаты 8 маусымнан 1 шілдеге дейін Украина мен Польшада өтеді