«Аламан» ұлттық порталының хабарлауынша, академиялық ескек есуден Владислав Яковлев жекелей сында Лондонға барар жолдаманы ұтып алды. Небәрі 19 жасқа толған спортшымыз жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, Азия ойындарының қатысушысы.
Бүгіндері Кореяның Чхунджу қаласында Азия құрлығы бойынша олимпиадалық іріктеу сыны өтіп жатыр. Бұл сынға барлығы бес қазақстандық спортшы аттанған еді. Соның ішінде жекелей сында Владислав финалға шығып, лицензия алған сегіздікке енді. Бұл — біздің академиялық ескек есушілердің алғашқы жолдамасы.