Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстандықтардың еншісінде - 3 медаль - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстандықтардың еншісінде - 3 медаль

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстандықтардың еншісінде - 3 медаль

Өзбекстан астанасында дзюдодан өткен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар жеке сынақта үш медаль иеленді.

  • 30 Сәуiр 2012
  • 506
Фото - Caravan.kz

Сәуірдің 27-29 аралығында Ташкенттің «Өзбекстан» спорт алаңында 26 елдің 200-ге жуық спортшысы бақ таластырды, олардың арасында қазақстандықтар да болды. Чемпионаттың алғашқы екі күнінде дзюдошылар жеке сынақта, соңғы күні — команда болып өнер көрсетті.

Жеке сынақтағы жарыстардың қорытындысы бойынша, қазақстандық команданың өкілдері — Сергей Лим (66 келіге дейін) алтын, Гүлжан Ыссанова (78 келіден артық) — күміс және Виктор Демьяненко (100 келіге дейін) — қола медальді жеңіп алды.