Бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық турниріне 11 елдің ұлттық құрамасы қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық турниріне 11 елдің ұлттық құрамасы қатысуда

Бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық турниріне 11 елдің ұлттық құрамасы қатысуда

Бокстан ересектер арасындағы ҚР Президенті кубогы ІІІ халықаралық турнирі ұлттық құрамалар үшін Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойындарына дайындықтың басы болғалы отыр.

  • 2 Мамыр 2012
  • 485
Фото - Caravan.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.

«Бұл турнирде бірінші орын алу басты мақсат болып отырған жоқ. Бізге ең маңыздысы — тәжірибе. Оған Үндістан, Куба, Сирия елдері 1-құраммен, ал Ресей мен Украина 2-құраммен қатысуда. Ал ел намысын 17 спортшы қорғағалы отыр. Ұлттық құраманың үздіктері түгелдей еніп отыр», — деді М.Айтжанов. Мырзағали Құланұлының айтуынша, жарыс қарсаңында Қазақстан мен Үндістан құрамалары Алматыда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оған Үндістанның Олимпиада ойындарына жолдама алған 7 боксшысының алтауы қатысты. Енді қазақстандықтар ҚР Президенті кубогы турнирінен кейін Дондон додасына нақты дайындықты бастайды. Онда былғары қолғап шеберлері алдымен 10 күн теңіз жағасында тынығып, қандай да бір жарақаттары болса емдейді. Ал 9-30 маусым күндері жалпы дене дайындығын жасап, ақырғы оқу-жаттығу жиынын Астанада өткізіп, 22 шілдеде Лондонға жол тартады деп жоспарлануда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера