Азия чемпионаты: Қазақстандық каратэшілердің еншісінде 7 «алтын» және командалық бірінші орын! - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия чемпионаты: Қазақстандық каратэшілердің еншісінде 7 «алтын» және командалық бірінші орын!

Азия чемпионаты: Қазақстандық каратэшілердің еншісінде 7 «алтын» және командалық бірінші орын!

Өзбекстан астанасында өткен Азия чемпионатында каратэ бойынша Қазақстан командасы сегіз медаль жеңіп алды.

  • 2 Мамыр 2012
  • 527
Фото - Caravan.kz

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің командалары қатысты.

Каратэден Оңтүстік Қазақстан облысының бас жаттықтырушысы, ҚР еңбегі сіңген бапкер Нұрмахан Мелдебаев мәлім еткендей, команда құрамында Шымкент пен Ақтөбе қалаларынан 11 адам болды. Екі күн бойы спортшылар жеке сынақ пен командалық «кумитэде» бақ таластырды.

Жарыс нәтижелері бойынша 16-17 жастағылар арасында Қайсар Алпысбай (61 келі), Алдияр Мелдеханов (76 келі) және Герман Касенко (76 келіден астам) алтын медальдарды жеңіп алды. Бұл спортшылар сондай-ақ командалық «кумитэде» бірінші орынға лайық деп танылды.

Бұдан басқа, 18 жастан асқандар арасындағы жарыста алтын медальдарды Дамира Сұхамбердиева (55 келі), Андрей Актауов (60 келі) және Николай Репин (84 келіден астам) иеленді. Күміс медальды Ринат Сағындықов (67 келі) жеңіп алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера