Боксшыларымыз ҚР Президент кубогы халықаралық турнирін сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшыларымыз ҚР Президент кубогы халықаралық турнирін сәтті бастады

Боксшыларымыз ҚР Президент кубогы халықаралық турнирін сәтті бастады

Кеше Алматыда бокстан ҚР Президент кубогы ІІІ халықаралық турнирінің алғашқы жекпе-жектері өтті.

  • 2 Мамыр 2012
  • 536
Фото - Caravan.kz

Онда 10 жұптың сайысында қазақстандық 8 боксшы өнер көрсетіп, оның алтауы жарыстың келесі кезеңіне өтті. Атап айтқанда, 56 келі салмақтағы Бағдат Әлімбеков биылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы кубалық Альванес Естрадоға, ал 69 келідегі Мадияр Әшкеев Әлем чемпионатының күміс жүлдегері үндістандық Викас Кришанға есе жіберді. Өзге боксшыларымыздан 60 келідегі Самат Башенов үндістандық Жай Вханванды, 64 келіде Әділет Әблашимов қырғыз Алмазбек Әлібековты, 69 келіде Бақытжан Қожабеков кубалық Ариан Лискаиды жарыс жолынан шығарып тастады. Сондай-ақ Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын Данияр Елеусінов (69 кг) қырғыз Азамат Қаныбекұлын еліне мерзімінен бұрын қайтарды. Ал үндіс Сумит Саминванмен тең түскен Асқар Абдуллаев (81 кг) белсенділігі үшін төрешілер шешімімен жарысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.

Жалпы бұл дүбірлі додаға Қазақстаннан қатысып жатқан 3 командадан 17 боксшы бақтарын сынауда. Олардың екеуі ұлттық құраманың, біреуі Алматы қаласының командасы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера