26 сәуірден бастап Румынияның Яссы қаласында 13 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық құрама саны жағынан румыниялық және ресейлік команадалардан кейінгі үшінші орында тұр.
«Қазақстан командасында 26 қатысушы бар. Олардың арасында халықаралық федерацияның едәуір жоғары рейтингісіне ие балалар да бар — Диана Асаубаева (1869), Динара Сәдуақасова (2209), Жанат Саян (2181), Шыңғыс Серікбаев (2116), Әлібек Игембергенов (2280)», — деп баяндады Т.Достан.
Өткен турлардың қорытындылары бойынша үш қазақстандық әзірше үш ұпайдан (Бибісара мен Диана Асаубаевалар, Динара Сәдуақасова), тағы үшеуі (Әрлен Әбдрашев, Әлібек Мамырбаев, Жанат Саян) — 2,5 ұпайдан, жетеуі екі ұпайдан алды. Алда әлі бірнеше тур бар, чемпионат 6 мамырға дейін жалғасады.
Достан Тұрардың өзі халықаралық федерацияның 1813 рейтингісінде тұр және чемпионатта әзірше бір ұпай жеңіп алды.
Достан Тұрар бұл ойынға алты жасынан бастап құмар, ол ата-анасы мен аталары шахмат ойнайтын отбасында өсіп келеді. Тараздық жаттықтырушы А.Дворяниновтың тәрбиеленушісі.
Алты жасында Достан қалалық чемпионатта үшінші орынды иеленді, он жасында қазақстандық чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Иран және Грекия елдерінде өткен халықаралық ойындардың қатысушысы, Қазақстанның 2012 жылғы чемпионатында екінші орынға лайық деп танылды.