арасында республикалық турнир өтеді. Бұл байрақты бәсекеге Азия және Әлем чемпионаты қарсаңындағы маңызды жарыс саналады. Онда әр жылдары топ жарған спортшылар арасында Әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, Азия чемпионы Алмат Кебіспаев пен Азия ойындарының жеңімпазы Нұрмахан Тінәлиев бар. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын бұл жарыста былтыр өткен жылы өз салмақ дәрежелерінде Айдос Сақанов, Анархан Азмағамбетов, Мейрамбек Айнағұлов, Абылай Кәріпжанов, Мейір Ерзақов, Абылайхан Әмзеев, Хусеин Суцольгов, Ерсайын Сайфуллин, Мақсат Тұрғанбай үздік шыққан болатын.