"Топан суды өз күшімен бұрған": Зайытов тасқын суға дайындалған жерлестерін өлердей мақтап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Топан суды өз күшімен бұрған": Зайытов тасқын суға дайындалған жерлестерін өлердей мақтап тастады

"Топан суды өз күшімен бұрған": Зайытов тасқын суға дайындалған жерлестерін өлердей мақтап тастады

Танымал депутат, айтыскер ақын Ринат Зайытов жұмыс сапарымен Абай облысына барған.

  • 10 Сәуiр
  • 152
Фото - Caravan.kz

Ол жергілікті халықтың топан суға дайындалғанын айтып, жерлестерін мақтап тастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ринат Зайытов бұл туралы өзінің желідегі ресми парақшасында мәлім етті.

«Елімізде болған төтенше жағдай бізге біраз сабақ берді. Апаттарға кез-келген уақытта дайын болу соның бірі. Абай облысы Ақсуат, Көкпекті аудандарында үлкен зауалдардың алдын алғаны көрініп тұр. Ия, шығын жоқ емес, бар. Бірақ, салыстырмалы түрде көп кеселден аман. Сапар барысында түсінгенім ең бірінші жергілікті басшылық халықты ұйымдастыра білу керек. Орталықтың көмегі көзді ашып-жұмғанша келе салмайды. Абай обылысындағы жұрт судың тасуына дайындалғаны көрініп тұр. Соның арқасында бірнеше ауыл іргесіне келген топан суды өз күшімен бұрған. Әрине, басы-қасында жергілікті атқамінерлер жүр. Шіркін, Қазақстанның әр ауданында осындай ұйымшылдық болғанда ғой…
Көп жағдайда жергілікті әкімшіліктің қолын жоқтық байлаған. Сонда да көреген халық бірлік танытып, жұмыла әрекет жасаған.
Ендігі кезекте топан судан зардап тартқан елдің шығынын уақытылы өтеп, келесі болуы мүмкін апаттарға барынша дайындалу керек. AMANAT партиясы еліміздің түпкір-түпкіріне өз өкілдерін жіберіп, сол нәтижемен тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бастысы, қандай сынақ келсе де бірліктің алмайтын белесі жоқ. Осыны ұмытпайық. Ел аман, жұрт тыныш болғай», — деп жазды ол.

Көпшілік облыста халық белсенділік танытып, қар суының алдын алғанын жарыса жазуда.

«Расында солай, жерлестерім, кластастарым Ақсуаттық ер азаматтар, нағашыларым мен бөлелерім Көкпектіліктер неше күн болды, барлығы жиналып өкіметті, табиғатты кінәлап отырмай, жанталасып үй бетін көрмей томан судың алдын алу шараларымен айналысты. Алматыда отырсақ та, чаттардан көріп отырдық. Ауылымыздың азаматтарының ұйымшылдығымен Көкпекті, Ақсуат аудандарының халқы өз ата мекендерін судан қорғауда қаншама еңбек төгіп жүр. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!», «Иә, тек өзімізге сенетін болдық қой, өзіміз жанталаспасақ, суға кететін едік баяғыда», «Ауылдастарым ұйымшыл, шүкір, судың астында қалғанша, осылай ауызбіршілік танытқан дұрыс» деп жазды олар.