Telegram қазақстандықтардан ақша төлеуді талап ете бастады: бұған не себеп? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.8
  • 516.76
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Telegram қазақстандықтардан ақша төлеуді талап ете бастады: бұған не себеп?

Telegram қазақстандықтардан ақша төлеуді талап ете бастады: бұған не себеп?

Танымал мессенджерді орнату кезінде қазақстандықтардан 690 теңге төлеу талап етілген.

  • 15 Қыркүйек
  • 1
Фото - Жасанды интеллект

Бұл жағдайды Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтауға тырысты.

Жағдайды редакция тексеріп көрді. Telegram-ды (TG) Google Pay арқылы стандартты түрде орнату кезінде шынымен де төлем жасау туралы талап шыққан.

Телефон нөмірі енгізіліп, елді таңдалғаннан кейін электронды пошта арқылы авторизациядан өту кезеңі аяқталады. Осыдан соң смартфон экранында Telegram-ның «SMS жіберу шығындары» деген тақырыптағы хабарламасы пайда болған. Онда мессенджер Қазақстанда растау коды бар SMS хабарламасын жіберу құны жоғары екенін айтып, 690 теңге төлеуді талап еткен.

Осыған байланысты Telegram Premium пакетін рәсімдеу немесе «SMS fee» төлеу ұсынылады. Келесі қадамда төлем жасалатын банк картасының нөмірін енгізу қажет болады.

Бетті жабу немесе төлемнен бас тарту мүмкін емес: не төлейсің, не Telegram-ды пайдалана алмайсың. Біздің жағдайда қосымшаны орнатудан бас тартып, біраз уақыттан кейін қайта байқап көру туралы шешім қабылданды.

Бірнеше минуттан кейінгі екінші әрекет те дәл сондай төлем талабымен аяқталды. Сондықтан экспериментті бірнеше күннен кейін жалғастыру ұйғарылды. Тек осы жолы ғана сол смартфонға, сол телефон нөмірімен мессенджерді тегін орнату мүмкін болды. Telegram электронды поштаға келген кодпен шектеліп, екінші растау кодын SMS арқылы ақысыз жібереді.

Материалды дайындау барысында мәселенің тек Қазақстанға қатысты емес екені анықталды. Интернеттегі ақпаратқа қарағанда, SMS үшін төлем жасау талабына Қазақстан тұрғындарымен қатар Германия, Ресей, Бразилия және Африканың бірқатар елдерінің пайдаланушылары да тап болған.

Ондаған ресурс Telegram-ның ақша төлеу туралы талабын айналып өту жолдарын ұсынады. Кейбір сайттар мессенджердің жаңа талаптарын Telegram-ның 2026 жылы өзгерткен саясатына байланыстырады. Бұл саясат көптеген елдерге қатысты шектеулер енгізген.

Бір жағдайда Telegram төлем талабын SMS жіберу құнының қымбаттығымен түсіндірсе, енді бірінде оның себебі спам хабарламалардың көптігімен байланыстырылады. Тіпті «спам қаупі жоғары» елдер деген термин де пайда болған.

Қазақстан бұл тізімде жоқ. Алайда қазақстандық пайдаланушылар Telegram-ды орнату кезінде осындай мәселеге тап болып отыр. Біздің эксперимент көрсеткендей, Telegram-дағы авторизация мен орнату процесінің нәтижесі әр кезде әртүрлі.