Қазақстандық шайбалы хоккейшілер Әлем чемпионатын сәтсіз бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шайбалы хоккейшілер Әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Қазақстандық шайбалы хоккейшілер Әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Шайбалы хоккейден Финляндия мен Швеция бірлесіп өткізіп жатқан Әлем чемпионатының кеше 2-туры өтті.

  • 7 Мамыр 2012
  • 368
Фото - Caravan.kz

Андрей Шаянов жаттықтыратын қазақстандықтар француздарға 3:6 есебімен есе жіберді.

4 мамыр күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додада 5 мамырдағы алғашқы турда Швейцария құрамына 1:5 боп ұтылған болатын. Финляндияның «Хельсинки» қаласындағы бұл бәсекеде олардың «А» тобындағы келесі қарсыластары АҚШ, Словакия, Беларус, Финляндия, Канада құрамалары болмақ. Бұған дейін алғашқы турда американдықтар француздарды 7:2, канадалықтар словакиялықтарды 3:2, ал финдер беларустарды 1:0 есебімен ұтқан еді.

Бұл чемпионат 20 мамырға дейін созылмақ. Онда биыл алғашқы және іріктеу кезеңдері біріктіріліп, ынталандыру кезеңі жойылды. Бұрын алғашқы кезеңде 16 команда 4 топқа бөлінетін. Енді өз тобында алғашқы төрттіктің қатарынан орын алғандар ширек финалға өтіп, соңғы орын алғандар алдағы жылы Бірінші дивизионда өнер көрсететін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера