Қостанайлық футболшылар Премьер-лигадағы ел чемпионатында көш бастап келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық футболшылар Премьер-лигадағы ел чемпионатында көш бастап келе жатыр

Қостанайлық футболшылар Премьер-лигадағы ел чемпионатында көш бастап келе жатыр

Кеше футболдан Премьер-лигадағы ел чемпионатының 9-туры өтті.

  • 7 Мамыр 2012
  • 386
Фото - Caravan.kz


Бұл жолы өткен турларға қарағанда командалар арасында қарсыласын аса ірі есеппен ұтқан ешкім болған жоқ. Атап айтқанда «Астана» мен «Шахтер», «Қайсар» мен «Оқжетпес»арасындағы ойын 1:0, «Ақтөбе» мен «Тобыл» кездесуі 0:1 боп аяқталды. Ал «Сұңқар» мен «Атырау» арасындағы ойында есеп ашылмаса, «Тараз» бен «Қайрат» сайысы 2:1, «Жетісу» мен «Ертіс» тартысы 1:2, «Ордабасы» мен «Ақжайық» арасындағы матчта 2:0 есебі тіркелді. Соның нәтижесінде ұпай жоғалтқан оралдықтардан көшбасшылық тізгінді бұл жолы қостанайдың «Тобылы» өз қолына алды. Олардың қоржынында 20 ұпай бар. Одан кейінгі орындарда бір-бірінен 1 ұпайға кейін қалып қойған Орал («Ақжайық»), Тараз («Тараз»), Павлодар («Ертіс»), Қарағанды («Шахтер»), Шымкент («Ордабасы») аяқдопшылары келе жатыр. Ал атыраулықтар — 12, ақтөбеліктер — 11, Алматы («Қайрат»), Астана, Қаскелең («Сұңқар») футболшылары — 10, қызылордалықтар («Қайсар») — 7, талдықорғандықтар («Жетісу) — 6, көкшетаулықтар («Оқжетпес») — 3 ұпаймен 7-14 орындарға табан тіреуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера